Атырау қаласындағы Алмагүл ықшам ауданында орналасқан Аманшин көшесіндегі үйлердің бірінде 1967 жылы туған ер адамды өлтіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Күдікті ретінде 1966 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі бойынша жүргізілуде»,-деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.