$ 498.34  519.72  4.85

Қызғаныштан: Қарағандыда ер адам сүйіктісін қылқындырып өлтірген

Салларынан ер адам жанжал кезінде қызғаныш салдарынан жәбірленушіні өлтіргенін мойындады.

Қарағандыда қыздың денесі табылды. Белгілі болғандай, жәбірленушіні бірге тұрған адамы қызғаныштан өлтірген. 

«30 шілдеде 29 жастағы әйелдің мүрдесі Қарағанды қаласындағы үйлердің бірінен табылды. Әйелдің денесінде тұншықтырған із табылды. Полиция қызметкерлері 27 жастағы азаматты құрықтады», - деп хабарлады полиция бөлімінен.

Күдікті бастапқыда жедел топтарды жалған әңгіме айтып шатастырмақ болған, алайда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оған қарсы дәлелдер алынды.

Салларынан ер адам жанжал кезінде қызғаныш салдарынан жәбірленушіні өлтіргенін мойындады. Іс жүзінде, ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары