$ 498.34  519.72  4.85

Күйеуінен әбден теперіш көрген әнші полицияға арыз жазды

Тергеу Алматы қаласы полиция департаменті басшысының бақылауына алынған.

Алматы полициясы Ксения Ашигалиеваның арызы бойынша іс қозғады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы - бас бостандығынан заңсыз айыру бойынша тергеліп жатыр деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тергеу бөлімі қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 126-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалған. Анықталғандай, іс СДТБТ-ға тіркелді. Қазір Ашигалиеваның арызында көрсетілген адамдар полицияға куәлік беріп жатыр. Оған қоса, кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп, сот-медициналық және басқа да сараптамалар тағайындалды.

Тергеу Алматы қаласы полиция департаменті басшысының бақылауына алынған.

Естеріңізге салсақ, Ксения Ашигалиева бұған дейін оны өз күйеуі ұрлап, өлтірмек болған, деп мәлімдеме жасаған болатын. Бұл туралы жазба "НеМолчи.kz" қорының Facebookпарақшасында жария болған еді.

Артынша, әншінің күйеуі Бауыржан Ашигалиев әйелін ұрмағанын, асфальтқа құлап, өз-өзін зақымдағанын айтқан болатын. Оның үстіне ол өзңн жағдайдың құрбаны деп атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы