$ 498.34  519.72  4.85

Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығы арқылы 2900 адам жұмысқа орналасты.

31 шілдеде «Жастар» сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы ашық жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді. Бұл туралы elorda.info хабарлады. 

Айта кетейік, алдында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне елорданың 100-ден астам жұмыc берушісі жиналып, 3000-нан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барлығы 1000-нан астам жұмыс іздеуші қатысты.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығы арқылы 2900 адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 99 адам - әлеуметтік жұмыстарға, 1861 адам - қоғамдық жұмыстарға жіберілген болса, қалған 940-тан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Елорда