$ 443.44  480.51  4.88

Ақтөбедегі лагерьден шу шуқты: 22 жастағы ер адам азғындық жасады деп айыпталды

Қазіргі күні ер балалар тобына жетекшілік еткен 22 жастағы тәлімгер жігіт жұмыстан босатылған.

"Ақбөбек-Восток" тәлімгері азғындық жасады деген күдікке іліккен. Оның үстінен жеті бірдей баланың ата-анасы полицияға арызданды. Қазіргі кезде арнайы комиссия жұмыс жасап, лагердегі мән-жай анықталып жатыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасына.

"Кәмелетке толмағандарды азғындыққа итермелеу болды ма, қазіргі күні анықталып жатыр. Алматы ауданы полициясымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы тексеру барысында барлық жағдай анықталатын болады. Бұл істі прокуратура қатаң бақылауға алатын болады", - деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Қазіргі күні ер балалар тобына жетекшілік еткен 22 жастағы тәлімгер жігіт жұмыстан босатылған. Ол Астанадағы жоғарғы оқу орнының бірінің студенті екен. Қазіргі кезде үйінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алған. 

"10-12 жас аралығындағы балаларды тәрбиеші би кешіне жібермеген. Бізге жеке балабақшаның аға тәрбиешісінің айтқаны осы. Ал балалар  мені ұрды деп айтқан. Бізге осылай айтылды. Азғындық туралы мәселе бізге түскен жоқ", - дейді Райхан Нұрғожаева, Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе