$ 494.87  520.65  4.91

Ұлыдан ұлы болып ұл туады: Балтабек Нұрғалиев Бауыржан Байбектің «ұлылығына» тамсанып ода арнады

Осылайша, жас ақын Бауыржан Байбекті ұлы деп танып, оның сол «ұлылығына» елден ерек сүйсіне берген.

Әлеуметтік желі арқылы шен-шекпенділерді мадақтап өлең жазуды әдетке айналдырған жас ақын Балтабек Нұрғалиев кезекті одасын «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы.

Бүгін өзінің фейсбук парақшасына «Біртуар» атты өлеңін жүктеген одашы оның шекесіне «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек мырзаға шын жүректен арналды бұл өлең!» деп ерекше ілтипат танытқан. Одан әрі шенеунікке деген құрметін жеті шумақ өлеңмен жеткізген. Бұл ретте, Бауыржан Байбектің атасын «дана», әкесін «текті тұлға» дей келіп, ақын:

«Жұлдыздан Жұлдыз болып ұл туады,
Ұлыдан Ұлы болып ұл туады.
Ағажан - өзіңіз ғой өнегелі,
Қазақтың қайсар ұлы - БІРТУАРЫ!» деп еркін көсілген.

Осылайша, жас ақын Бауыржан Байбекті ұлы деп танып, оның сол «ұлылығына» елден ерек сүйсіне берген.

Ал бұл кезекті одаға желі қолданушылары «Алды-артыңа қарама, шаба бер, шап!», «Енді кім қалды, балам? Мейлі, мақтай бер! Жамандайтындар жетерлік! Одан өзгеріс болып жатқан жоқ», «4 комнатную квартиру на левобережье, в студию!!!!» дегендей пікірлер қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары