Әлеуметтік желілерде Абай Құнанбаевтың үзінділерін және өлеңдерін оқу поэзия эстафетасының белсенділігі артуда. Естеріңізге сала кетейік, ерекше челлендждің бастамашысы Нұр-Сұлтан қаласының 9 жасар оқушысы Ләйлім Шырақ болған еді.
Ол ұлы ақынының өлеңін оқып және Мемлекет басшысына жолдаған болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді. Аталмыш эстафены Қарағанды облысының этномәдени орталық өкілдері де қолдап, өздерінің мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетті. Мысалы.украин орталығының өкілі Оксана Менделюк "Көзімнің қарасы" әнін тамылжыта орындады. Оксананың айтуынша, Абайдың осы әнін сүйіп шырқайды және ұлы Богданға бесік жыры ретінде айтқан екен. Ал, "Күлтегін жыры" байқауының жүлдегері Елизавета Седышева «Өзгеге көңілім тоярсың» өлеңін оқып, көпті тамсандырды. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы, кәріс орталығының жас өкілі Тимур Тен ағартушылық жайында жазылған «Жүректе қайрат болмасасын» оқыды. Атап кету керек, бұл шара еліміздің әр өңірінде, тіпті шет елде қолдау тапты және өскелең ұрпақтың, өзге ұлт өкілдерінің ағартушы, ақын, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттауда белсенділігін арттырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын 9 жастағы қыз Ләйлім-Шырақтан қабыл алып, ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін оқыған болатын.
Одан әрі Димаш Құдайберген мемлекет басшысы Тоқаевтан эстафетаны қабылдап, оны танымал ресейлік продюсер Игорь Крутойға жолдаған еді.
Өз кезегінде продюсер Абайдың өлеңін оқып, елші Иманғали Тасмағамбетовке ұсынғанын жазған болатынбыз.