Кеше Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында қайғылы жағдай болды. Анасы мен кішкентай бүліршінді көлік қағып кеткен еді. Балақай көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Ал анасы ауруханаға жеткізілген болатын. Алайда дәрігерлердің айтуынша, 36 жастағы әйел ауруханаға жатудан бас тартқан көрінеді.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
– Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.