$ 444.22  476.38  4.82

Оралда 58 жастағы ер адам әріптесін өлтіріп, онымен 27 күн бір бөлмеде тұрған

Мәйітті өзге әріптесі байқап, құзырлы органдарға хабарласқан.

Оралда 58 жастағы ер адам әріптесімен бірге ішімдік ішіп, соңында екеуі төбелескен. Әріптесінің бас сүйегін сындырған ол мәйітті 27 күн бойы кереуеттің астына жасырып қойған деп хабарлайды Мой город.

Мәйітті өзге әріптесі байқап, құзырлы органдарға хабарласқан.

3 наурыз күні кешкі сағат 20:00-де  әріптесі Марат Черниязовпен ішімдік ішіп, сөзге келіп қалып, Черниязов Әділовке қол жұмсаған. Соққының қатты болғаны соншалық, марқұм есінен танып қалған.

Әріптесінің қайтыс боп кеткенін көрген ол мәйітті кереуеттің астына тығып қойып, 27 күн бойы өзі де сол бөлмеде тұрған.

Айта кетейік, екі ер адам да отбасынан кетіп қалып, жұмыс орнында тұрған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал