$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда шетелден автокөлік әкелуге шектеу қойылады

Аманияз Ержанов елімізде Ravon, KIA, SsangYong көліктері құрастырылатынын атап өтті. Ол шетелден автокөлік әкелуді шектеу еліміздегі көлік нарығындағы бағаларға әсер етпейтінін айтты.
Фото: Trans.INFO
Фото: Trans.INFO

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов мемлекеттік қызметкерлер үшін шетелдік автокөлік сатып алуға, сондай-ақ шетелден трансформатор мен кабель әкелуге шектеу қойылатынын айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Вице-министр ЕАЭО аясында «ұлттық режимнен шығару» деген түсінік енгізілгенін, осының аясында кейбір тауарларды еліміздің аумағына кіргізуге шектеу қойылатынын жеткізді.

«Өткен аптада «ұлттық режимнен шығару» деген үкімет қаулысы қабылданды. Құжаттағы тізімге автомобиль, трансформатор, кабель кірді. 3 қауымдастықтан осы 3 өнімді «ұлттық режимнен шығару» туралы ұсыныс жасады. Қаулы аясында 2 жыл бойы мемлекеттік сатып алуда тек отандық өнімдер алынуы қажет», - деді Аманияз Ержанов үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясынан соң.

Оның пікірінше, аталған шара осы салада жұмыс істейтін отандық кәсіпорындардың дамуына ықпал етеді.

«Бүгін кабель өнімін шығару 80%-ке өсті. Қарағанды, Павлодар, Атыраудағы кәсіпорындар талшықты-оптикалық кабель жүргізуге қажетті өнімді шығара алады. Бұл өнімді «Қазақтелеком» компаниясы пайдаланып жатыр. Ал осыған дейін импорттық өнімдер және трансформаторлар, автомобильдер шетелден сатып алынып келді», - дейді вице-министр.

Сонымен қатар Аманияз Ержанов елімізде Ravon, KIA, SsangYong көліктері құрастырылатынын атап өтті. Ол шетелден автокөлік әкелуді шектеу еліміздегі көлік нарығындағы бағаларға әсер етпейтінін айтты.

«Автокөліктің бағасы арзандамайды. Себебі, кез келген өнімді шығару кезінде шығын болады. Мысалы, автобөлшектер, шикізаттардың өз бағасы бар. Өнімнің бағасы шығынның есебінен құралады», - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, баға өндіріс елімізде болғанда, бөлшектердің 50%-і Қазақстанда жасалғанда төмендеуі мүмкін. Оған 3-5 жыл уақыт керек.

«Оның өзінде бұл қаржыландыру көзіне және мемлекеттің өндіріске қандай жағдай жасайтынына байланысты», - деп түйіндеді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары