$ 484.11  528.79  5.03

Алматыда өздерін «прокурор» және «адвокат» деп таныстырғандар демалыс орнында жанжал шығарды (ВИДЕО)

Олар есеп айырысудан бас тартқаннан кейін мекеме қызметкерлері видеоға түсіре бастаған.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда көңіл көтеру орталықтарының бірінде мас күйде жанжал шығарғандардың видеосы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Оқиға Voyage караоке-барында 31 шілдеден 1 тамызға қараған түні болған. Мекеме әкімшісі Нұрланның айтуынша жазғы терассаға екі қонақ келген - ер және әйел. Оның айтуынша, түгі 2:00-де олар спирттік ішімдік ішкен. 

«Олар мекеменің қарапайым ережелерін сақтаудан бас тартты, оның ішінде ғимарат ішінде темекі шекпеу сияқтылары да бар. Өзінің қала прокуратурасыда істейтінін айтқан жігіт қызметкерлердің кез келген оның атына жазған арызы соның алдынан өтетінін айтқан. Ұзақ уақыт бойы арпалысқаннан кейін, жұп ақыры төлемеді. Олар қызметтік куәлікке ұқсас бірдеңе көрсетумен әлек болды. Әйел адам адвокатпын деп таныстырған», - деді мекеме әкімшісі. 

Олар есеп айырысудан бас тартқаннан кейін мекеме қызметкерлері видеоға түсіре бастаған. Видеодан ер адамның ақша төлеуге арналған кітапшаны лақтырғанын көруге болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары