$ 439.4  473.54  4.76

100 мың теңге: банк картасын алған арыстық тұрғындар алғыстарын білдіріп жатыр

Жарылыс болғалы бері Арыстан аттап шықпаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев құрылыс барысын күнде бақылауға алып, әр сектордың жұмысын жіті қадағалап жүр.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Әр отбасы мүшесіне 100 мың теңгеден өтемақы алу үшін банк карточкалары қолдарына тиген Арыс тұрғындары алғыстарын білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. 

«100 мың теңгелік өтемақының карточкасын алып, ырза болып бара жатырмыз. Барынша қолдау білдіріп жатқан халыққа, үкіметке рахмет айтамын. Шығындар болып жатыр. Бәрі орнымен шешіліп келеді. Ешкімге қапа емеспіз. Етек-жеңіміз жиылып, еңсеміз көтеріліп қалатын болды», - дейді үйіндегі бес адамға 500 мың теңге тигелі тұрған Арыс қаласының тұрғыны Абай Молдабеков. 

Жарылыс болғалы бері Арыстан аттап шықпаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев құрылыс барысын күнде бақылауға алып, әр сектордың жұмысын жіті қадағалап жүр. Оның айтуынша, осы аптада Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстары өздеріне тиесілі секторлардағы жұмысын аяқтауға жақын қалған. 

«Бір ай бұрын кіші ауданда сау қалған бірде-бір үй қалмап еді. Бүгін көз тоярлық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тақауда ғана басталған үйлер 10-15 күннің ішінде толығымен бітеді деп санаймын. Арыс тұрғындарына айтарым: көп төздіңіздер, енді кішкене шыдай тұрыңыздар. Жұмысы түгел бітпей, ешкім ешқайда кетпейді. Жұмыстарды толығымен бітіріп береміз», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Еске сала кетсек, кеше Арыс тұрғындарына 100 мың теңгеден өтемақы беру үшін банк карталары таратыла бастаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары