06.08.2019, 20:49

Әйел киімін киген ер адам түрмеден қашып кетпекші болды (ВИДЕО)

Ол өзін 19 жастағы қыз ретінде көрсетіп, түрмеден біржола қашып кетпекші болады.

Есірткі сатумен айналысқан 73 жастағы Клаувино да Силва әйелдің маскасын киіп, түрмеден қашпақшы болған. Ол өзін туған қызы ретінде таныстырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Globo сайтына сілтеме жасап.

Ол Рио-де-Жанейродағы түрмеде жазасын өтеп жатқан.

Оған әйелдің маскасы мен жасанды шашты келушілердің бірі берген. Ол өзін 19 жастағы қыз ретінде көрсетіп, түрмеден біржола қашып кетпекші болады. Басында оған ешкім мән бермеген. Алайда, шыға берісте оны тексерушілер ұстап алған. 

Тегтер: түрме