Ертіс өңірінде өткен тәулікте үш адам суға батып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыстық ТЖД сілтеме жасап.
- 5 тамыз күні сағат 16:32-де Қ.Сәтпаев атындағы арнадан куәгерлер 1983 жылғы ер адамның денесін алып шыққан. Болжам бойынша ол ішімдік ішкен.
Ал кеше Павлодарда 2 адам Ертіс жағасында демалып жүріп суға кетті. Департаменттің мәлімдеуінше, шамамен сағат 19:30-да 48 жастағы әйел адам суға батып кеткен.
Оны құтқаруға ұмтылған ер адамдардың бірі көз жұмды. Олар да мас күйде болған деген болжам бар.