Журналист Жолымбет Мәкіш Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Зубайр Тухугов жайлы пост жазып, қазақ қыздарының намысы жайлы сөз қозғады.
«Ережесіз жекпе-жектің шебері Зубайра Тухуговты Өзбекстанға қонаққа шақырыпты. Өзбектер шешендерге өздеріндегі көрнекті жердің біразын аралатып көрсетті. Ең ақырында отырыс мейрамханада жалғасты да, бір қыз Зубайраны болмай отырып биге шақырды. Залдағылар «Зубайра, Зубайра!» деп қолдап жатыр. Шешендерің қызына біреудің қолы тиіп кетсе де қатты намыстанатын халық қой. Өзбектер де сондай шығар деп ойлады ма екен, қонақ болып келген Зубекең сыпайы түрде билеуден бас тартты. Қазір сол қызға өзбектер аузына келгенді айтып, ұйымдастырушыларды жаман сынап жатыр. Осыны көрдім де, егер Зубайра Қазақстанға келсе, біздің мәңгүрттер қойнына қыз салып беретін шығар деп ойладым. Өткенде бір жекпе-жекті көрдім. Сонда біздің намыссыз немелер табло көтеріп шығатын қазақ қыздарын рингке жезөкшелердей жалаңаш жібере салыпты. Осыған намыстанатын залда бір еркек табылмағанына таң қалдым! Қазақ қызына қарындасымыз сияқты қарай алмай қадірін түсіріп, оны қор қылып жүрген өзіміз екенбіз!» - деп жазды.