$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда 14 жастағы қызды жол талғамайтын көлік қағып кетті

Оқиға 6 тамызда 14 шағынауданда болған.

Ақтауда 14 жастағы қызды жол талғамайтын көлік қағып кетті, деп хабарлайды tumba.kz. 

«Қыз облыстық балалар ауруханасының травмотология бөліміне жеткізілді»,- деді Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Азамат Сәрсенбаев. 

Оқиға 6 тамызда 14 шағынауданда болған. Дәрігерлер оның оң жамбасынан жарақат алғандығын хабарлады және гипс салды. 

«Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр»,- деді Азамат Сәрсенбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары