Британдық ВВС телеарнасының түсірілім тобы Шығыс Қазақстан облысына келді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қонақтар Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітінде, Ертіс пен Үлбінің жағалауында, этнографиялық саябақта болды.
«Бұдан әрі түсірілім тобы Батыс Алтай табиғи қорығын, Катонқарағай ұлттық паркін, Мұзтау тауын, Марқакөл көлін, Қиын-Керіш шатқалы сынды табиғаты таңғажайып мекендерді түсіріп қайтпақ», - делінген ақпаратта.
Телеарна өкілдерінің сөзінше, фильм Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін көрсету мақсатында дайындалуда. Түсірілімдер 12 тамызға дейін жалғасады.