Жаңалықтар 09.08.2019 сағат 17:00

Елбасының курстасы Шымкент әкімінің алдында сөйлеп тұрып көз жұмды

Ол жұмысын Теміртау қаласындағы Қазақстан магниткасында болат қорытушы болып бастап, түрлі басшылық қызметтер атқарған.
Елбасының курстасы Шымкент әкімінің алдында сөйлеп тұрып көз жұмды
Фото: otyrar.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін Шымкент қаласында Елбасының курстасы Сатыбалды Ибрагимов қала әкімдігінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Қала әкімі Ерлан Айтахановтың зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде сөз алған Сатыбалды Тілемісұлы қоғамдағы маңызды мәселелер туралы ойларын ортаға салып тұрған кезінде көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сатыбалды Тілемісұлы Ибрагимов 1940 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген.

Ол Парламент мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты болған. Украинаның  Днепродзержинск қаласындағы №8 кәсіптік-техникалық училищеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге білім алған. 

Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.

Еңбек жолын Тұңғыш президентіміз Назарбаевпен бірге Теміртауда қызмет етумен бастаған, отандық металлургияның өркендеуіне зор үлес қосқан.

Ол жұмысын Теміртау қаласындағы Қазақстан магниткасында болат қорытушы болып бастап, түрлі басшылық қызметтер атқарған.

1988-2000 жылдары «Қазақаймақ» фирмасының вице-президенті, «Кармет-Оңтүстік» фирмасының президенті, бас кеңсесі Лондон қаласындағы «Успатниттің» Теміртау қаласындағы өкілі, «Қазхром» компаниясының президенті қызметтерін атқарды. Еуразиялық өндірістік ассоциация төралқасының мүшесі болған. 

«Бүгін, қасиетті жұмада қазақтың аяулы ұлдарының бірі, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосқан Сатыбалды Ибрагимов ағамыз өмірден озды.

«Аяулы азамат» деген сөз жәй сөздің реті үшін ғана айтылып отырған жоқ. Ол саналы ғұмырында шын мәнінде өзінің қазақ деген ұлтының ұлы екенін дәлелдеп кетті. Тіпті, Сатыбалды ағаның ең соңғы сөзінің өзі еліне арналды.

Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, Сатыбалды аға!», - деп жазды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар