$ 498.34  519.72  4.85

Өскеменде анасымен ұрсысып, жоғалып кеткен жасөспірімді 40 полицей іздеді

Қыз келесі күні табылды.
Фото: news.mspravka.info
Фото: news.mspravka.info

Өскеменде жоғалған кәмелетке толмаған қыз табылды, деп хабарлады sputniknews.kz өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 тамызда қала тұрғыны 2007 жылы туған қызының жоғалғанын айтып арызданған. Полиция дереу баланы іздестіру жұмысын ұйымдастырды. Қырыққа жуық полиция қызметкері төңіректі шолып шықты, аулаларды аралап, көршілерден сұрастырды.

Қыз келесі күні табылды. Белгілі болғандай, ол осы уақыт бойы үйінің шатырында тығылып жатқан. Ол анасымен ұрсысып қалғандықтан осылай жасағанын айтты. Дәрігерлер баланы тексерді, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Іске ювеналды полиция араласып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары