$ 494.87  520.65  4.91

Этникалық қазақ «Үздік модель» атанып, Қытайды бағындырды

Жарысқа Қытайдың барлық провинцияларынан келген 60 жігіт қатысты.
Фото: today.kz
Фото: today.kz

Қытайдағы этникалық қазақ Сержан Бағдатұлы «Жұлдызды модельдер» байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Сержан Бағдатұлы Қытайда тұрады. 2018 жылы ол Қытайдың Кайфенг қаласында өткен «Жұлдызды модельдер» байқауына қатысты. Жарысқа Қытайдың барлық провинциясынан келген 60 жігіт қатысты. Сержан қарсыластарын артта қалдырып, бас жүлдені жеңіп алды. Оның бойы - 191 метр.

«Сержан Бағдатұлы Шыңжаңдағы әскери институтта оқыды. Кейіннен Ухандағы жоғары оқу орнында дене шынықтыру мамандығы бойынша білімін жалғастырды. Ол табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында жоғарыда аталған конкурста жеңіске жетіп, «Үздік модель» атағына ие болды. Енді ол басқа қатысушыларды қазылар алқасы ретінде бағалайды және білікті маман болды. Сонымен бірге ол әлеуметтік желіде арнайы парақша ашып, модель болудың құпияларымен бөліседі», – деп жазды kazakcnr.com сайты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары