Оңтүстік Қазақстандық кілем шығаратын «Бал Текстиль» ЖШС жартылай пропиленді жіптер шығару мен кілем өндірісін кеңейту бойынша өз жобасының екінші кезеңін іске қосты, деп хабарланған «Даму» қорының сайтында.
Бүгінде «Бал Текстиль» ЖШС - Қазақстандағы ірі кілем фабрикаларының бірі. Кәсіпорын кілемдер мен «BCF», «Heat-Set» , «Frize» таңбалы синтетикалық жартылай пропиленді жіптерден тоқылған қазіргі заманғы кілемше бұйымдарын Белгияда жасалған «MICHEL VAN DE WIELE » құрылғысында тоқып шығарады. Өнім « Тұран», «Хан-Тәңірі», «Лидер», «Алатау», «Сарыарқа», «Барыс», «ANTIQUE IMPERIAL», «ASTANA DELUXE», «VIZION», «FRIZE», «KASHAN», «SILK» таңбаларында шығарылады. Барлық кілемдер жоғары сапалы әрі бағасы қолжетімді.
«Кілем өндірісі үшін шикізатты Түркиядан, Бангладештен, Үндістаннан, Ресейден және т.б. елдерден алып келеміз. Импорттаушыларға тәуелді болған тиімді емес, сондықтан біздің компания әуелден-ақ жартылай пропиленді жіптер шығаруды стратегиялық жоспарлаған. Биыл «Даму» қорының қолдауымен өндірістің екінші кезеңін аяқтадық. Енді қажетті жартылай пропиленді жіптер біздің фабрикада шығарылады. Бұл бізге өнім бағасын 20% төмендетуге мүмкіндік береді», - дейді фабриканың атқарушы директоры Жомарт Керімшеев.
Жартылай пропиленді синтетикалық жіптер Францияда жасалған «SUPERBA», Германияда жасалған «Allma Volkmann», «Oerlikon Neumag» фирмалары құрылғыларында шығарылады.
«Бал Текстиль» компаниясы «Даму» қорымен жүзеге асырылатын жеңілдік бағдарламасының шеңберінде қаржыландырылылды. Нәтижесінде компания қажетті құрылғыларды сатып алып, өндірістік үдерісті ретке келтірді.
Фабриканың өндірістік қуаттылығы жылына 2300-5000 мың шаршы метр кілемдер мен кілемше бұйымдарынан бастап, 3000 тонна жартылай пропиленді жіптерді құрайды. Фабрикада 200 адам жұмыс істейді.