$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент газбен қамтылуда

Шымкент қаласында газдандыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Қайтпас-1 шағынауданында 15 үйге табиғи газ қосылды. 

Сала мамандары елді мекенде тағы 36 тұрғын үй табиғи газға қосылуға дайын отыр

Бұл туралы Шымкент қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәлік Әбдінұров мәлім етті. Сондай-ақ Солтүстік-Батыс шағынауданындағы 2500-ден аса үйді газ жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр. Сала мамандары бүгінде 4 көшенің тұрғындары көгілдір газға қол жеткізді дейді.

Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы «ҚазТрансГаз» АҚ трансформациялау бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыруда. Бұл процесс қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамының құрамына кіретін барлық компанияларда жүргізіліп жатыр. Мұндай ауқымды өзгерістерді қолға алуға, Қордың және оның еншілес компанияларының жұмыстарын ұқсас шетелдік компаниялардың жұмыстарымен салыстыра жүргізілген талдау түрткі болды. Салыстыру көрсеткендей, қызметі ұқсас халықаралық компаниялардың салынған капиталы біздегіден әлдеқайда көп пайда әкеліп отыр. Сондықтан «Самұрық-Қазына» АҚ-тың басшылығы Трансформациялау бағдарламасын іске асыру бастамасын көтерді және 2014 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен нақты жүзеге асырыла бастады.

Осы күрделі процесті еліміздің мұнай-газ секторы алғашқылардың бірі болып қолға алды. Бүгінгі күні газ саласындағы ұлттық оператор жүргізген жаңарту процесінің аралық қорытындысын саралай отырып, бұл істің пайдасы мол оң өзгерістерге жол ашқанына көз жеткізуге болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары