$ 444.22  476.38  4.82

Шымкент пен Барселона өзара әріптестік жөнінде уағдаласты

«Ақылды» қала Халықаралық конгресс-көрмесі аясында Барселона мэрінің орынбасары Жерардо Писарелло мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов екіжақты әріптестік кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қос тарап өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл орайда, Шымкент қаласы туризмнің дамуы, кәсіпкерлікті қолдау бағытында Барселонадан айтарлықтай тәжірибе алуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ, Барселона тарабы Шымкенттің инфроқұрылымы мен ауылшаруашылығы саласын өркендету бағытында инвестиция салу мүмкіндігін қарастыратындығын мәлімдеді.

Шымкент - бүгінде елдегі жер аумағы бойынша бірінші, тұрғындарының саны бойынша екінші орынға ие. 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жобасын түзген Шымкент қаласы жергілікті тұрғындары мен саяхатшылар үшін ыңғайлы,  заман талабына сай өркендеген қала ретінде аталады. 

Естеріңізге сала кетейік, қараша айының 17-19 жұлдызы аралығында Барселона қаласында жыл сайын өтетін «Ақылды қала» Халықаралық конгресс-көрме ұйымдастырылды. Онда беделді, танымал, заманауи, даму қарқыны жоғары қалалардың жаңа жобалары мен тәжірибесі көрсетілді. Бұл жолы үздік жобаларымен ерекшеленген қалалар арасында Бостон, Торонто, Сидней, Хельсинки, Лондон, Гонконг және тағы басқа да әлемнің үздік әрі танымал қалалары бар екендігін айта кеткен жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары