$ 498.34  519.72  4.85

Нұр-Сұлтандық әйелді ит құтқарып қалды: оны 2 ер адам зорламақ болған

11 тамыз кешкі уақытта Сергей Горбунов өзінің итін Қаржы академиясы ауданында Алтынемел көшесінде қыдыртып жүреді.

Итін серуендетуге шыққан Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны үйінің жанында әйел адамды құтқарып қалды. Айтуынша, әйелді екі ер адам зорламақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

11 тамыз кешкі уақытта Сергей Горбунов өзінің итін Қаржы академиясы ауданында Алтынемел көшесінде қыдыртып жүреді. Осы сәтте өзіне қарай шөптің арасынан әйел адам жүгіріп шығады. Оны қалай құтқарып қалғанын журналист Ирина Севостянова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Бұл екеуі бүгінде нағыз батырлар! Иә, иә, әзілдеп отырғаным жоқ және әсірелеп жатқаным да жоқ. Кешкі уақытта менің сүйікті күйеуім Сергей мен ғажайып итіміз Дэня нағыз әйел зорлаушыларды қолға түсірді! Екеуін! Біздің бір қарағанда тыныш болып көрінетін ауданнан. Олардың соңынан қуып жүріп ұстап алды!» - дейді Ирина Севостянова. 

Әрі қарай ол күйеуінің полиция шақырып, екі ер-азаматты табыстағанын жеткізді. Сондай-ақ, ол күйеуі мен итінің ұстау кезінде екі ер-азаматты соққыға жықпағанын және тістемегенін айтты. 

«Бүге-шігесін полиция мен менің жігіттерімнен сұрасаңыздар болады. Ал мен бар болғаны олармен мақтанып, қуанышымды сіздермен бөліскім келеді», - дейді журналист. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары