$ 443.85  474.3  4.8

Көк-Төбенің төмен жағынан тағы да өрт шықты: адамның денесі табылды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта өрт ауыздықталды, бөлек жанып жатқан жерлер сөндіріліп жатыр.

Көк-Төбе маңында болған өрттен төмен жерде аумағы мың шаршы метр болатын жер жанып жатыр. Өртке дабылдың үшінші жоғары деңгейі берілді, оны сөндіру барысында адамның денесі табылды. Бұл туралы Алматы ТЖД басшысы Серік Әубәкіров мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

«Қазіргі уақытта алғашқы өрттен төмен, Диваев көшесіндегі 21-үйге қарама-қарсы жерде, алдын ала ақпарат бойынша қурап қалған 1000 шаршы метр аумақтағы шөп жанып, екінші өрт пайда болды. Оны сөндіру барысында адам мәйіті табылды, жынысы мен кім екені анықталып жатыр. Екі өрт өзара байланысты емес. Екіншісін сөндіруге кірісіп кеттік», - деп хабарлады Әубәкіров Facebook-те.

Өрт сөндірушілер қызметін жерден жүргізіп жатыр. Өйткені, авиация түнгі уақытта жұмыс істей алмайды.

Қазір құтқарушылар қаланың жеке тұрғын үй секторын қорғауға барлық күш-жігерін салып жатыр. 

«Алматы гарнизонының барлық жеке құрамы өрттің жоғары үшінші нөмірі бойынша аяғынан нық тұрды, жеке тұрғын үй секторын қорғауға басымдық бердік, себебі өрт көлемі ұлғайып барады», - деп хабарлады Алматы ТЖД басшысы Серік Әубәкіров Facebook желісінде.

Оның айтуынша, түнгі уақыттағы жұмыстың күрделілігі қауіпсіздік техникасын сақтаумен қатар жүреді. Себебі, өте биік қурайдан адам бойы көрінбей қалады. 

Қазіргі уақытта өрт ауыздықталды, бөлек жанып жатқан жерлер сөндіріліп жатыр. 

Еске салсақ, 11 тамызда сағат екілер шамасында Алматыда Көк-Төбе телемұнарасынан бір шақырым жерде қурай жанған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы