$ 498.34  519.72  4.85

«Хазрет Сұлтан» кешенінің нысандарын ЮНЕСКО сарапшылары зерттеуге кірісті

Шымкентте өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов пен ЮНЕСКО Бүкіләлемдік құндылықтар комитетіне мүше мемлекеттердің сарапшыларымен кездесуі өтті. Жиында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің тарихи бет-бейнесін сақтауды қамтамасыз ету жайы талқыланды.  

 

Тараптар «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының маңында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарын құру кезінде тарихи ескерткіштерді қорғауға арналған регламентті сақтау қажеттілігін атап өтті.

13 қарашаға дейін  ЮНЕСКО сарапшылары кешеннің тарихи нысандарында зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Еске сала кетейік, 2003 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясы кезінде Қожа Ахмет яссауи кесенесі Бүкіләлемдік мәдени құндылықтар тізіміне енді.

Бұл XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимаратҚожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.

Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.

1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүритті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары