$ 498.34  519.72  4.85

Американдықтар Шымкентте халықаралық үлгідегі аквапарк салуға қызығып отыр

Шымкентте туризм саласының дамуына американдық инвесторлар да өз үлесін қосуы мүмкін. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айтуларынша, мұндай келіссөз шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов пен АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Марк Муди мен саясат және экономика бөлімінің консулы Тимоти П. О’ Коннормен өткен кездесуде белгілі болды. Қос тарап әңгімелесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас туралы пікірлесіп, ой бөлісті. Кездесуде қала әкімі америкалық делегаттарға жаңа заман талабына сай құрылатын «Shymkent Сity» заманауи тұрғын-үй ауданының жобалық сызбасымен таныстырды. 

Америкалық қонақтар шаһардың болашақ экономикалық даму бағытына оң баға беріп, қаланың 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы бірқатар жобаларға қызығушылық танытты. Бас консул Марк Муди қос елдің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие екендігін айтып өтті. Қала басшысы шаһардың білім саласындағы жетістіктеріне тоқталып, әлемдік экономикадағы іскерік қарым-қатынастарда кеңінен қолданылатын ағылшын тілінің білім ұяларында тереңдетіп оқытылуы керектігін айтып өтті. Қонақтар өз кезегінде қалада бой көтеретін халықаралық үлгідегі аквапарк пен «Дисней Ленд» жобасына өз тарапынан қатысуға дайын екендігін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары