$ 494.87  520.65  4.91

Оқушылар Бразилиядан жеңіспен оралды

Шымкенттегі қазақ-түрік ерлер мектебінің екі оқушысы халықаралық  MOSTRATEC-2015 ғылыми жобалар олимпиадасында ІІI орынға ие болды. Олимпиадаға әлемнің 22 елінің 785 оқушы қатысып, 300-ге жуық ғылыми жоба тіркелген.

 

Елімізден 58 оқушы аттанған бұл жарыста шымкенттік жастар информатика саласында ғылыми жоба қорғап, үздіктер қатарына ілінді. Дарабоз оқушыларды мектеп мұғалімдері мен  ата-аналары  қарсы алды. Шымболат Туғанбай және Дәурен Ордабаев әлемдегі ең танымал сөзжұмбақ түрлерінің бірі - судокудың жаңа нұсқасын жасап, оның ең қиын судоку екенін дәлелдеп шықты. Мұнымен жеңімпаз жастар тоқтап қалмаймыз дегенді айтып, алдағы уақытта да жағымды жаңалықтарымен қуантуға уәде етті.

Айтып өтейік, MOSTRATEC халықаралық олимпиадасы - Бразилияда жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі дарындылар сайысы. Онда жеткіншектер ғылыми, шығармашылық, техникалық жобаларды ағылшын тілінде қорғап, таңдалған сала төңірегінде жаңалық ашуға тырысады.

Шымкенттегі бұл мектеп ашылған уақыттан бүгінге дейінгі аралықта бірнеше оқу кабинеттері (математика, физика, химия, биология, қазақ тілі, ағылшын тілі, түрік тілі, т.б.) мен лабораториялар (физика, химия, информатика, мультимедия) және соңғы стандарттарға сәйкес минифутбол алаңы (20Х40), арнайы күрес пен спорт залдарымен толық жабдықталған.

Лицей ұжымы мен лицей ұжымы әкімшілігінің, ата – аналармен тіл табуының нәтижесінде: Қала, Облыс, Республика көлемінде бірнеше рет ашық семинар сабақтары ұйымдастырларының арқасында және мұғалімдердің шығармашылық еңбектері нәтижесінде, оқушылар сапалы білімге қол жеткізіп Республикалық және Халықаралық жарыстарда жоғарғы орындарға ие болып келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары