$ 498.34  519.72  4.85

Түнгі рейд кезінде 20-ға жуық құқықбұзушылық пен қылмыс анықталды

Шымкенттік жол полицейлері «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу акциясы кезінде 20-ға жуық құқықбұзушылық пен қылмысты анықтады. Түнгі рейд сағат 20:00-02:00 аралығында жүргізіліп, қызметтік бабын асыра пайдаланған мемлекеттік қызметкерлер, тамыр-таныс арқылы заң құрығынан оңай сытылып кетуді көздеген басбұзарлық қатаң қадағаланды.

Шараға Шымкент қаласы әкім аппаратының аппарат басшысы Рашид Аюпов, қала әкімінің кеңесшісі, баспасөз қызметінің хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек, Еңбекші аудандық жол патрульдік полициясының жауапты қызметкерлері қатысты. 


Басты мақсат - әсіресе, түн ішінде жиі болатын жол жүру ережесін өрскел бұзу фактілерінің алдын алу. Рейд барысында қауіпсіздік белбеуін тағынбаған, көлік терезелерін заңсыз қараңғылап алған жүргізушілер анықталды. Жалпы саны 20-дан астам жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырып, небәрі 4 сағат ішінде 20 автокөлік ақылы айып тұрағына жеткізілді.

Тәртіп сақшылары қаланың бірнеше нүктесінде кезекшілік жүргізді. Аталған іс-шараға қалалық ішкі істер басқармасының 50-ден астам қызметкері, күзет қызметінің күзетшілері жұмылдырылды.

Облыс орталығының жолдарында полиция қызметкерлері  жол қозғалысында жіберілген 150-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Сонымен қатар жол-патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдық тәртібін бұзған, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен жүргізушілерді және алкогольді ішімдік ішіп көлік басқарған 1 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жүргізуші куәлігі жоқ азаматтың жол полициясына қарсыласып қашып кеткендігі үшін жедел іздеу шаралары арқылы жеке басы анықталып, көлігі айып тұрағына жеткізілді, өзіне айыппұл салынды.

«Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2016 жылдың соңына дейін жалғасын таппақ. Оған алдағы уақытта облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының жеке батальоны тұтас жұмылдырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары