ОҚО Ордабасы аудандық әділет басқармасының басшысына 595 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ордабасы аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қатысты ҚҚР «Бәсекелестік туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағына (мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға немесе тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актілер не шешімдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестікке қарсы әрекеттер) сәйкес монополияға қарсы заңнаманың бұзылу фактісі бойынша тергеу жүргізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Тергеу нәтижесі бойынша лауазымды тұлға - Басқарма басшысына әкімшілік іс қозғалып, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 163-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы соммасы - 594 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, монополияға қарсы заңнамасының бұзушылықтарын тоқтату және оның салдарын жою туралы нұсқама шығарылды.