Жаңалықтар 07.12.2015 сағат 11:28

Ақмола облысында балабақшада жарылыс болды

Ақмола облысы Целиноград ауданындағы балабақшалардың бірінде қазандық жарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл жайында ақпараттық порталға аталған балабақшаның меңгерушісі мәлімдеген.

"Қазандық күндізгі сағат 11:15-те жарылды. Біз тек жарылыстың дыбысын ғана естідік. Қазір балабақша жұмысын жалғастырып жатыр, тек ғимаратта жылу жоқ" дейді мекеме меңгерушісі Айгүл Құлынбекова.

Оның айтуынша, балабақшада 140 бала тәрбиеленуде және 40 қызметкер бар. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, тіпті, ешкім қауіпсіз жерге де көшірілмеген.

Целиноград аудандық білім бөлімі мамандары айтып өткендей, қазандық балабақша ғимаратынан алыстау жерде орналасқан. Сондықтан, ешкімнің өміріне қауіп төнбепті. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталған жоқ. Ал, балабақша қызметкерлері болса қазандықты жөндеуге шамамен 2-3 күн уақыт кететінін айтып отыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар