Арыста мемлекеттік көмек алу үшін өз үйін бір түнде балтамен қиратқан азамат ақпараттың жалған екенін айтты, деп жазады Skifnews ақпараттық порталы, 31 арнаға сілтеме жасап.
Үй иесі көмекке зәру еместігін айтып ақталды. Ол қайта жөндеу жұмыстарынан өз еркімен бас тартатындығын хабарлады. Үкіметке ешқандай талабы жоқ екенін де атап өтті.
Оған қоса, үйін балталап, тас-талқанын шығарды деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Ешкімге дауым жоқ. Ешкімге жөндеп бер, жұмыс жасап бер деп барған емеспін», - дейді қала тұрғыны.
Бұл баспана бойынша жауапты сектордағылар үй иесінің шынында да жөндеуден бас тартқаны туралы жазбаша қолхаты барын айтты. Олар үйін қиратқаны туралы ақпаратты әлеуметтік желіден естіген.
Еске салайық, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында үйін қиратқан азамат туралы екі видео жариялаған болатын.