Жаңалықтар 15.08.2019 сағат 16:45

ШҚО: ауданнан шыққан хлордың өткір иісі тұрғындарды алаңдатып отыр

ШҚО Экология департаменті аталмыш аудан аумағынан және оған іргелес аумақтардан ауа сынамаларын алыпты.
ШҚО: ауданнан шыққан хлордың өткір иісі тұрғындарды алаңдатып отыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өскеменнің Согра ауданында хлордың өткір исі тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. 

«Бүгін Согра ауданының тұрғындары хлордың өткір иісіне шағымданды. Шығыс Қазақстан облысының Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары оқиға орнына барып, жұрттың шағымы негізді екенін анықтады. Біз аталмыш ауданға кіре бергенде өткір иіс бірден сезілді. Маңайдың бәрін ақшыл түтін торлапты. Тыныс алуда қиындықтар сезілді», - дейді орталықтың маманы Елена Полянцева. 

ШҚО Экология департаменті аталмыш аудан аумағынан және оған іргелес аумақтардан ауа сынамаларын алыпты. Сол сынамаларды зерттеу арқылы өткір иістің қайдан келгені, оның ауаға келтірген залалы қандай болғаны анықталмақ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар