$ 494.87  520.65  4.91

Арыс қаласында 7 мың үй қалпына келтірілді

Қалпына келтіру жұмыстары Қарағанды облысының әкімдігіне бекітілген № 5 секторда толығымен аяқталды.

Әрлеу жұмыстары 293 нысанында жалғасуда, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қалпына келтіру жұмыстары Қарағанды облысының әкімдігіне бекітілген № 5 секторда толығымен аяқталды. Осы учаскеде барлығы 83 үй, оның ішінде 11 көпқабатты үй жөнделді.

"Жұмыстар Маңғыстау (98 %), Ақмола (98 %), Солтүстік Қазақстан (98 %), Жамбыл (97 %), Қызылорда (96 %), Батыс Қазақстан (96 %), Ақтөбе (96 %) және Павлодар облыстары (95%) секторларында жақсы қарқынмен жүргізілуде. Аса қираған Арыс қаласын қалына келтірушілердің секторлары арасында Нұр-Сұлтан қаласы секторы (21 %), Атырау облысының секторы (60 %), Шымкент  секторы (61 %) және Алматы облысының секторы (73%) бар. Жалпы алғанда, аталмыш учаскелердегі бұзылуға жататын Арыстың барлық үйлерінің 50%-ы немесе 200-ден астам саман тұрғын үйлер, оның ішінде жарылыс толқынына төтеп бере алмаған ескі үйлер апатты деп танылды. Қалада барлығы 429 үй қайта тұрғызылуда. Негізгі күштер оларды тұрғызуға бағытталған", - делінген таратылған ақпаратта. 

Қалада қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бірінші кезеңде құрылысшылар кезек тәртібімен, шатырларды ауыстырады, содан кейін терезелер мен есіктерді орнатады. Одан кейін кезек тәртібі бойынша тұрғын үйлерде әрлеу жұмыстары жүргізіледі. 

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арыс