$ 498.34  519.72  4.85

Операцияға асығып бара жатқан: Қарағандыда дәрігерді көлік қақты

Жүргізушінің сөзінше, ол жаяу жүргіншілерге арналған жолға шыққан адамды көрмей қалған.

Дәрігер-реаниматологты шұғыл операцияға шақыртқан көрінеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алайда, аурухананың алдындағы көшеден өтіп бара жатқан дәрігерді көлік қағып кеткен. Деректер бойынша, реаниматологтің жағдайы өте ауыр.  

"Полицейлер дәрігерді қағып кеткен жүргізушінің аты-жөнін анықтады. Жол апаты абайсызда болғандықтан, көлік иесі қамауға алынбады", - делінген хабарламада. 

Жүргізушінің сөзінше, ол жаяу жүргіншілерге арналған жолға шыққан адамды көрмей қалған. Қатты соққы тиген көлікті тергеушілер алып қойып, полицейлердің аудандық бөлімінің аумағына апарды. Ал бірнеше жері сынған дәрігер ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қарағанды