$ 444.32  473.33  4.76

Шымкентте журналистер құрметіне жаңа гүлзар ашылды

Шымкентте тағы бір аллея ашылды. Тағы дегенімізбен бұл аллеяның орны бөлек. Өйткені, тұңғыш рет қаламыздың қос басылымының атымен аталатын аллеяны журналистер қамқорлығына алмақ.

Қошқарата өзенінің жағасынан «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің құрметіне ашылған гүлзарға әкімдік қызметкерлері, журналистер және газет оқырмандары қатысты. 

– Журналистер аллеясының ашылуы бізге көрсетілген құрмет әрі үлкен жауапкершілік. Бұл қаламыздың дамуына үлкен үлес қосқан қос басылым редакциясы ұжымының, жалпы оңтүстік өңірі журналистерінің еңбегін бағалау деп есептеймін. Қала әкімдігінің журналистерді қолдауының нәтижесінде ашылған аллея шымкенттіктердің сүйікті демалыс орнына айналады деген үміттеміз, – деді «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-нің директор-бас редакторы Айгүл Қапбарова.
Журналистер және салтанатты шараға жиналған қауым жаңа аллеяға алғашқы көшеттерді отырғызды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары