22.08.2019, 18:20

Адамдар мүлде өтірік айтпаса не болады?

Шыншылдық пен бетбақтықты шатастырмау керек. Шындықты жұмсақ етіп жеткізе білу - дарын.

Жиі болмаса да, кейде өз пайдамыз үшін өтірік айтамыз. Мысалы барды-жоқ қылып айтамыз. Ол өз мүлкімізді қорғау үшін. Былайша айтқанда, пайдалы өтірік. Егер, өмірде адам тіпті пайдалы өтірікті қолданбаса қандай ситуациялар орын алуы мүмкін? Осы сұрақтың жауабын oinet.kz іздеп көрді. 

Адамдар сізбен сөйлесуді доғарады

Біз көбіне өз эмоциямызды сыртқы ортаның пайдасына қарай өзгертеміз. Яғни мұңымызды және агрессиямызды білдірмейміз. Сіз күйзелісіңізді білдірген сәтте сізден көп адам іргесін аулақ ұстайды.

Ренжиді

Мысалы, бір зат сізге өте керек. Оны ешкіммен бөліскіңіз келмейді. Сізден біреу сұраса, жай ғана бергіңіз келмейтіндігіңізді мәлімдедіңіз. Болды, ол адам қара бұлтты төндіріп, ренішін білдіреді.

Посттарыңыздан қандай пікір қалыптасады

Виртуалды мінсіз өмір сүретін жандар жазылушысыз қалатын шығар бұлай. Сіздің әр жаззбаңыз суициид жасайтын адамның постына ұқсар еді. Елдер сіз жайлы «Өзін қашан өлтірер екен?» деп ойлайды. Немесе, сізге енді ақыл кірді деп ойлайды. Туыстарыңыздан жазылушыларыңыз хәліңізді  сұрауы ықтимал. Кейбір адамдар сізге психологиялық көмек бергісі келеді.

Қорқады

Сіздің шынайылығыңыз ерекше болуға құштарлық деп қабылдануы мүмкін. Адамдар сіздің амбицияңызды (атаққа құштарлық) жоғары деп ойлауы мүмкін. Іргесін аулақ ұстағысы келер.

Сенеді

Адамдар сіздің кеңесіңізге құлақ асады.Сіз жағыну үшін сөйлемейтіндігіңізге көздерін жеткізесіз. Қыл аяғы киімім жарасып тұр ма?» деп те сізден сұрайды.

Шыншыл адам-еркін адам

Себебі, ол өзі құраған өтіріктерді жадында сақтауына міндетті емес. Ешкімді жоғалтудан қорықпайсыз. Өзіңізді кінәлі сезінбейсіз. Екіжүзділіктен азат боласыз.

Шыншылдық пен бетбақтықты шатастырмау керек. Шындықты жұмсақ етіп жеткізе білу - дарын.

Тегтер: өтірік