Қыз зорлау оқиғасы Қарақия ауданындағы Құрық ауылында орын алған. Полицияға шағымды жәбірленушінің анасы - 45 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында 23 жастағы ауылдасын 17 жастағы қызымды зорлады деп көрсетіпті. Бұл жайында "Лада" порталы хабарлап отыр.
Осы шағымнан кейін тәртіп сақшылары күдіктіні дереу қолға түсірген. Алайда, ұсталған жігіттің айтуынша, ол жеткіншек қызды зорламаған. Айтуынша, қыз бен жігіт бірін-бірі бұрыннан жақсы көріп, бұл әрекетке екіжақты келісімнен кейін барыпты. Ал, егер іс насырға шабатын болса ол 17 жастағы оқушы қызға үйленемін деп отыр.
Істі тергеп жатқан полицейлер күдіктінің сөзін растап отыр. Яғни, арызданушы әйелдің қызы төсек қатынасына өз еркімен барған. Қазіргі таңда тергеу шаралары жалғасып жатыр. Күдікті кәмелетке толмаған қызға үйленіп, оның анасы арызын кері алса, қылмыстық іс тоқтатылуы мүмкін.