Бүгін Ақмола облысында ауа райының күрт бұзылуы салдарынан бірқатар жолдар жабылды деп хабарлайды "Қазавтожол".
Атап айтқанда, сағат 10:00-ден бастап «Астана-Петропавл» тас жолының 18-230 шақырымы көліктердің барлық түрі үшін уақытша жабылған. Аймақта қарлы боран соғып, жел жылдамдығы секундына 20-25 метрге дейін жетуде.
Сондай-ақ, кеше кешкі 19:30-да жабылған «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 856-917 шақырымдарының арасы да әлі ашылған жоқ. Бұл СҚО шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі аралық. Мұнда да көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылып отыр.