24.08.2019, 17:38

БАҚ арқылы тіл тигізу үшін 5 жылға дейін соттайды - Дәурен Абаев

Елбасы жалған ақпарат тарату арқылы Қазақстан азаматтарының абырой-беделіне нұқсан келтіретін аноним дереккөздер мен парақшалардың көбейіп кеткеніне алаңдайды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұрсұлтан Назарбаевтың жала жабу үшін жазаны күшейту туралы ұсынысын елге түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Партия көшбасшысының жала жабу үшін жазаны күшейту туралы тапсырмасы кеңінен талқылануда. Елбасы жалған ақпарат тарату арқылы Қазақстан азаматтарының абырой-беделіне нұқсан келтіретін аноним дереккөздер мен парақшалардың көбейіп кеткеніне алаңдайды. Бұл енді жалпы әлемдік құбылыс болып отыр, оның ішінде озық демократиялы елдер үшін де. Германияда жуырда түзетулер қабылданып, жалған ақпарат таратқаны үшін басылымдарға 50 миллион евроға айыппұл салынады. БАҚ арқылы тіл тигізу үшін 5 жылға дейін соттайды. Мұндай проблеманың бар екенін мойындамау – ақымақтық. Фейк-жаңалықтар түрлі елдердің үкіметтерін ғана емес, тіпті әлеуметтік желілердің әкімшілігінің де мазасын алуда», - деді Абаев.