Словакия Республикасының делегациясы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сапар барысында «Инвест Консалт» словакия компаниясының аймақтық өкілдері мен басшылары өңір басшысы Бейбіт Атамқұловпен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша әңгімелесіп, аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, кездесуде ОҚО-да жедел медициналық жәрдем стансасын құру бірлескен жобалары қаралды.
Жиын соңында мәртебелі меймандар өңір басшысының жылы қабылдауына алғысын білдіріп, болашақта екіжақты әріптестіктің дамитынына сенімді екендіктерін жеткізді.