$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да халықаралық әйелдер форумы өтуде

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда - әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық әйелдер форумы өтті.

Аталған жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Г.Әбдіқалықова, ОҚО әкімі Б.Атамқұлов, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева, Ұлттық комиссия мүшелері мен халықаралық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, азаматтық қоғам өкілдері және сарапшылар қатысты.

Форум ашылуында сөз алған аймақ басшысы еліміздің білім саласында 65%, денсаулық сақтау саласында 75%, басқару корпусында 50% әйел қауымдары құрайтындығын айтты.

«ОҚО-да 30 мыңнан астам ұйым мен мекеме жұмыс жасайды. Олардың 10 мың әйелдер басқарады. Сәйкесінше, бұл 32,5% құрап отыр. 10 айда шағын және орта кәсіпкерліктің саны 190 мың болса, оның 69 471 немесе 36,5% әйелдер басқаруда. Бұл көрсеткіш қазіргі таңда әйелдер кәсіпкерлікпен белсенді айналысып отырғандығын білдіреді», - деді әкім.

Форумның арнайы қонағы Гүлшара Әбдіқалықова өзінің құттықтау сөзінде қазіргі заманауи әлемдегі көп елдерде жағдайдың күрделі және тұрақсыз болғандықтан, тиімді амалдарды дайындау маңыздылығын атап өтті.

Г.Әбдіқалықова отбасылық-демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың репродуктивті денсаулығы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне және әйелдерді қоғамдық-саяси ілгерілету мәселелеріне ерекше тоқталды.

Мемлекеттік хатшы форумға қатысушыларды бес институционалдық реформаларды, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға белсенді қатысуға, дағдарысқа қарсы шаралардың аясында қарастырылған жаңа мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалануға шықырды.

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Оңтүстік Қазақстан облысында әйелдер әлеуеті өңірді дамыту мен өркендетуіне толық пайдаланылатынына сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары