$ 494.87  520.65  4.91

«Ақсақ құлан» аңызындағы ақиқат: күйді жақсы түсінген Шыңғысхан қалай «моңғол» атанып жүр?

Қалай дегенмен, жоғарыдағы ғалымдардың қай-қайсы да «моңғолдардың» о баста түріктер болғанын растап тұр.

«Алтын Орда» мемлекеті Ұлы Түрік қағанаты құлағаннан кейін оның атажұртына орнағаны белгілі. Ресейдің атақты тарихшысы Мұрад Аджи Шыңғысхан өз түріктерін жауласып жүрген батыс түріктерінен айыру үшін «моңғол» атады десе, қарағандылық тарихшы Мырзабек Қарғабаевтың жорамалы одан да тереңірек шығады. Ол Шыңғысханның мың қолдық (қазақ әскерді қазір де «қол» деп атайды – авт.) жеке жасағы болғанын, оған тек би-сұлтандардың, атақты адамдардың балалары, әйтпесе ұрыста ерекше ерлік көрсеткен сарбаздар ғана іріктеліп алынатындығын айтты. Әрине, әлем әміршісінің жеке жасағында болу – кім-кімге де мәртебе.

Сондықтан Шыңғысханның түріктері мақтан үшін өздерін «мың қол» атап кеткен, ол бара-бара «моңғол», «моғол» атауына айналған деген тұжырым жасайды.

Айтпақшы, атақты түріктанушы Лев Гумилевтің де «түріктер өздерін мақтан үшін моңғол атандырған» деген пікірі бар. Қалай дегенмен, жоғарыдағы ғалымдардың қай-қайсы да «моңғолдардың» о баста түріктер болғанын растап тұр. Сондықтан кеңестік идеологиямен «моңғол» атанып кеткен Шыңғысханға енді өзінің түрік тегін қайтарып бермесе болмайды.

Қазақ арасында Шыңғысханның түркілік тамырын айқындайтын «Ақсақ құлан» аңызы бар. Оны еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біледі. 60-жылдары академик Әлкей Марғұлан бастаған бір топ қазақ ғалымдары Ұлытаудағы Жошы кесенесін ашқанда, онда жатқан мүрденің тура «Ақсақ құлан» аңызында айтылғандай бір қолсыз жерленгенін көрген (аңыз бойынша Жошының қолын құлан шайнап тастаған – авт.).

Кесенеге Жошының сүйегін жағалай оның ұлысына қарайтын 26 тайпаның таңбалары бірге қойылыпты. Қазақ ғалымдар осы таңбалардың бәрі бүгінгі қазақ руларына тиесілі белгілер, оның ішінде қазіргі моңғол ұлтына жататын рулардың бірде-біреуінің белгісі жоқ екенін айтады. Яғни, тек ол кезде қазақ деген атау болмады демесең, Жошы ұлысын бірыңғай бүгінгі қазақ тайпалары құраған.

Ал енді Кетбұқа батырдың Жошының өлгенін Шыңғысханға «Ақсақ құлан» күйін тартып естіртетіні естеріңізде шығар? Сонда «моңғол» Шыңғысханның күйді қазақтан әрмен түсініп, қайғыдан аһ ұрып қапалатыны ше?!

Шыңғысханды сонда да моңғол дейміз бе? Әлде, ол кездің моңғолдары да домбыра шерткен дейміз бе? Қисынсыз-ау...

Дәулет АСАУОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары