$ 494.87  520.65  4.91

«Кейбіреулер үшін екі сиыр - тігу»: Дәурен Абаев пікір білдірді

Оның айтуынша, іс жүзінде Елбасы азаматтарды өз күштеріне сенім артуға шақырды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Нұр Отан» саяси кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан,  желіде қызу талқыланған пікіріне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Шынымды айтсам, көпшіліктің талқысын түсінбеймін. Егер Елбасы «еңбексіз тоғаннан балық аулай алмайсың» деген нақыл сөзді айтса не болар еді? Сонда не? Әлеуметтік желілерде блогерлердің балық аулайтын қармақтары мен құрттары бар фотолары толып кетер ме еді? Екі сиыр ақпаратты оңай қабылдау үшін айтылып отырған үлгі екені айдан анық қой. Кейбіреулер үшін екі сиыр - жеке учаске, біреулер үшін - көлік жуу немесе жол бойындағы кафе, кейбіреулер үшін - тігу, біреулер үшін - азық-түлік дүкені», - деді Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

«Мен екі сиыр фермасының өміршеңдігі туралы байыпты есеп жасайтын мамандардың есіне салғым келеді: тұңғыш президент ауылдан шыққан. Ол жастайынан ата-анасына соғыстан кейінгі қиын кезеңдерде ферманы басқаруға көмектесті. Оған сиыр дегеніміз не және ол қанша сүт береді дегенді түсіндірудің, айтудың қажеті жоқ», - деді министр.

Оның айтуынша, іс жүзінде Елбасы азаматтарды өз күштеріне сенім артуға шақырды.

«Әрекетсіздігіңізді жаман шенеуніктермен, нашар мемлекетпен, нашар әлеуметтік саясатпен ақтау оңай. Жағдайды өз қолыңызға алу және жұмыс жасау қиынырақ. Егер жақсылап қарасаңыз, бүгінде жұмыс жасаймын деген адамға барлық жағдай жасалған. Әкімдіктер, министрліктер және «Атамекен» арқылы, «Даму» қоры арқылы шағын несиелендіру, шағын бизнесті қолдау және тағы басқа бағдарламалар жүзеге асырылуда. Сайып келгенде, Елбасы адамдарды өз бизнестерін ашуға шақырды. Ал бұл ең бастысы. Қалғандары - желілік қоқыс», - деді Абаев .

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде қазақстандықтарға ақша табу үшін шағымдардың орнына екі сиыр сатып алуға кеңес берген болатын.

«Жұмыссыздарға микрокредиттер берілді. Екі сиыр сатып алып, өздеріңе тамақ беріңдер. Қосымша сүт сат. Бақша отырғыз. Азық-түлік ал, қалғанын базарға сат. Енді тағы не қажет?» - деді Назарбаев.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев сиырдың көмегімен қалай ақша табуға болатынын айтып берді. Оның айтуынша, сіз 1-2 сиыры бар ауылда тұра аласыз, бастысы оларға барлық жағдай жасау керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары