$ 498.34  519.72  4.85

Өскеменде ұлы 85 жастағы анасын тонап кетті

Ал жалға пәтер берумен айналысатын 46 жастағы өскемендік әйел өз «клиентінен» зардап шеккен.

Өскеменде 85 жастағы зейнеткерді өз ұлы тонап кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Оқиға мереке күні болған. 85 жастағы зейнеткерді туған ұлы тонап кеткен. Анасының қолында тұратын 59 жастағы ер адам төсеніш астындағы 640 мың теңге мен 300 АҚШ долларын көрсетпей қолды қылған. Күдікті өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.  

Ал жалға пәтер берумен айналысатын 46 жастағы өскемендік әйел өз «клиентінен» зардап шеккен. 

 «29 тамызда «102» каналына қоңырау түсті. Пәтерді тәулік бойына жалға  берумен айналысатын әйел кезекті клиентінен зардап шеккен. Уағдаласқан сәтте пәтерді қабылдап алуға келген үй иесі тұрмыстық техниканың бәрі ұрланған көреді. 

Күдікті ұсталды. 33 жастағы бірнеше рет сотталған азаматқа қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген департамент дерегінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Өскемен