БҚО-да колледж ғимараты құлап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2 қыркүйек түскі уақыт шамасында Калинин ауылындағы 80 шаршы метрді қамтитын нөмірі бесінші ғимарат құлап қалған.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған болатын.
«Екінші қыркүйек сағат 12.30-да Бәйтерек ауданы, Калинин ауылындағы Киров көшесінің бойындағы 1980 жылы салынған ғимарат құлады. Зеленовский колледжі ГККП-нің №5 корпусының үш қабатты ғимаратының 80 шаршы метрлік аумағы жабылды. «Құрылысконсалтинг» ғылыми орталығының сараптамалық комиссиясының 2015 жылғы 28 тамыздағы № 41 қорытындысы бойынша ғимарат бүлінген деп танылып, ғимараттағы оқу процесі тоқтатылды», - деп хабарлады БҚО төтенше жағдайлар департаменті.
Зардап шеккендер жоқ. Ғимаратты бөлшектеу үшін жобалық-сметалық құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.