$ 494.87  520.65  4.91

Ресей ИМ-ге сүңгуір қайықтағы зымыранмен соққы жасады

Ресей Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымына алғаш рет сүңгуір қайықтан зымыранмен соққы жасады.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Владимир Путинге Жерорта теңізінде жүрген «Ростов-на-Дону» сүңгуір қайығынан атылған «Калибр» қанатты зымырандары нысаналарға дәл тигені туралы есеп берді. Шойгу бұған қоса «Ту-22» бомбалаушы ұшақтары соңғы үш күнде Сирияда 60 рет әскери тапсырмамен ұшқанын айтты.

Шойгудың сөзінше, Сирия мен Ресей әскерилері Түркия 24 қарашада Сириямен шекарада атып түсірген Су-24 бомбалаушы ұшағының «қара жәшігін» алған. Путин оны халықаралық сарапшылардың қатысуымен ашуға тапсырма берді.

Анкара Ресей ұшағын Түркияның әуе кеңістігін бұзғаннан соң атып түсіргенін айтқан болатын. Ал, Мәскеу ұшақтың Түркия әуе кеңістігін бұзғанын жоққа шығарарып отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары