Соғды облыстық сотында бір отбасының жеті мүшесіне қатысты іс қаралып жатыр. Оларға қарсы "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қосылмақ болды деген айып таққан деп жазады centralasian.org.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның ДАИШ террорлық ұйымынан мұнай сатып алды делінген дерек расталса орынтағынан кететінін тағы да бір рет мәлімдеді.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты 2015 жылғы 8 желтоқсанда терроризмді насихаттағаны үшін елорданың екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, олар мүлкін тәркілей отырып, жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ресей Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымына алғаш рет сүңгуір қайықтан зымыранмен соққы жасады.