$ 494.87  520.65  4.91

«Жалған»: Тұрғымбаев Жаңаөзендегі митингке қатысты пікір білдірді

Тұрғымбаев қазір Жаңаөзенде бәрі тыныш екеніне сендірді.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жаңаөзендегі митингіге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Министрдің айтуынша, бір топ адам Қазақстанда 55 қытайлық кәсіпорын ашылады деп көшеге шыққан.

"Бұл ақпарат жалған, мұндай ешқандай кәсіпорын ашылғалы жатқан жоқ. Бірлескен кәсіпорындар, инвестициялар бар. Алайда қазір әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарап жатыр, ол заңсыз. Егер ол жерде заңсыз шерулерге үндейтін болса, ішкі істер органдары митингілердің жолын кеседі", - деді ол мәжіліс кулуарында.

Тұрғымбаев қазір Жаңаөзенде бәрі тыныш екеніне сендірді. Айтуынша, кеше облыс әкімі тұрғындармен кездесіп, барлық сұрағына жауап берген.

Айта кетсек, 2 қыркүйекте Жаңаөзенде жүздеген адам әкімдіктің алдына жиналған еді. Олар Қазақстанда қытайлық зауыттардың құрылысына тыйым салуды талап еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары