$ 444.32  473.33  4.76

СҚО: жол апатынан 16 жастағы қыз қайтыс болды

Ауыр жарақат алған жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады.

Солтүстік Қазақстан облысында скутер тізгіндеген 16 жастағы жасөспірім жол-көлік апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы Новоишим елді мекенінде болған. Ауыр жарақат алған жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады. Скутерде болған 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.   

«Екінші дәрежелі жолда келе жатқан скутер жүргізушісі жол бермей, салдарынан Новоишим ауылының 44 жастағы тұрғыны басқарған Volkswagen автокөлігіне соғылған», - деді СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жол-көлік оқиғасы Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тізіліміне «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша енгізілді. Бірнеше тиісті сараптама жүргізіледі. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты